5 МЫҢ ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Жетісай ауданында қала, кент және ауылдық округтердің аумағындағы саябақтар мен скверлерде кең көлемді көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық ахуалды жақсарту, жасыл белдеу қалыптастыру мақсатымен 5 мыңға жуық түрлі сәндік ағаш көшеті отырғызылды.

 

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасы аясында  ұйымдастырылған көгалдандыру жұмыстарына аудан билігі мен жергілікті еріктілер де біріктірілді. «Тәуелсіздік» саябағына сән беретін түрлі декоративті талдардың өнімділігін арттыру үшін коммуналдық сала мамандары тұрақты күтім жасап, суару және күтіп-баптауды жүйелі жүргізетін болады.