РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

Түркістанда бір мезетте 1 мыңнан астам бала асық ойнап, Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабына енді. Ұлттық ойын Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылды.

Ойыншылардың еңбегін Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков ресми растап, арнайы сертификат табыстады.

Өңірдің өрендері мектептердің үйірмесінен келіп қатысты. «Асық ойнаған озар» деген халық даналығына құлақ асып, ұлттық ойынды ұмыттырмай келеді. Қазақтың бұл сөзі ата кәсіпте берекенің барын меңзеген.