КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Жылдағы үрдіс бойынша Түркістан қаласындағы «Бекзат» мөлтек ауданының 1995 жылғы тумалары жиылып, көпбалалы отбасыға баспана алып берді.
Айсұлу Көшербаева тағдыр тауқыметімен мүмкіндігі шектеулі әкесіне қамқорлық жасай жүріп, 4 перзентімен бірнеше жылдан бері пәтер жалдап келген. Қасиетті Рамазан айында қайырымды азаматтардың жомарттығымен 5 бөлмелі баспанаға ие болды.
1988 жылы туған азаматтардың қолдауымен Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бір отбасын үйлі етуді 1995 жылы туған жігіттер жалғастырды. Мәрттік пен мейірімнің арқасында осы уақытқа дейін 20 отбасы баспаналы болды.
Ендігі қайырымдылық эстафетасы 1996 жылы туған азаматтарға ұсынылады. Ынтымақ мөлтек ауданында жыл сайын аз қамтылған 2 отбасыға үй табысталады. 1982 жылы туған азаматтардың 20 жылдық түлектер кездесуінде сыныптастары үшін салынған үйді сыйлауға биыл 1988 жылғы азаматтар жұмылдырылмақ.
