ПРЕЗИДЕНТ ЗИЯРАТ ЕТТІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.
Мемлекет басшысының өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.
Президент кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен өзге де әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.
