ПРЕЗИДЕНТ ҚАТЫСТЫ
Түркістанда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, жұртшылықпен бірге ұлттық мерекенің шаттығын бөлісті. Сондай-ақ салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қатысты.
Республика мен Түркістан облысының өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетіп, қазақтың бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттады.
Ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер тігіліп, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы кеңінен дәріптелді. Қонақтарға ұлттық тағамдардан дастархан жайылды. Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, көпшілік асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды дәстүрлі спорт сайыстарына қатысты.
Түркістан төріндегі мерекелік шаралар халықты ыстық ықыласқа бөледі. Наурыз тойлау 22 наурызда да жалғасын табады.
