АКВАТУРИЗМ АШЫЛАДЫ
Түркістан облысында аквотуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шаға ауылдық округіне арнайы барып, инвестормен кездесті. Әңгіме барысында жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, аквотуризмді дамыту және заманауи балық шаруашылығы кластерін құру жайы айтылды.
Аймақ басшысы жұмысты сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды. «Шаға» су қоймасының аймағы реттеліп, құрылыс қызу жүріп жатыр.
«GOLD FISH TURKISTAN» ЖШС бастамашы болған жобаның құны – 1,5 млрд теңге, қуаттылығы маусымына – 100 000 адам. Жалпы аумағы – 8 гектар. Биылдың өзінде 25 адам жұмысқа тартылады.
Заманауи балық шаруашылығын кластерін дамытуға ӘКК үлесінен жер телімі бөлінген. Келесі жылы іске қосылатыр бұл жобаның құны – 1 млрд теңге. Жылына 300-400 тонна балық өсіру көзделген. 20 адам жұмыспен қамтылады.
Жобалар толық іске қосылғанда аталмыш аймақ балық шаруашылығы мен туристік орталыққа айналады. Мұнда қонақ үйлер салынып, жағажай туризмін жолға қою жоспарлануда.
