3 ШАҚЫРЫМҒА ҰЛҒАЙДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Созақ ауданында көгалдандыру қарқын алды.

Шолаққорған – Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағы 3 шақырымға ұлғайтылып жатыр. Бүгінге дейін 3000-ға жуық тал көшеті отырғызылды. Алдағы уақытта тағы 3000-нан астам көшет егу көзделуде.

Ал, талдарды сақтау және еркін жайылымда жүретін малдан қорғау мақсатымен кеңейтілген аумақ арнайы шарбақпен қоршалады. Шолаққорған – Түркістан автожолының бойынан жалпы ұзындығы 15 шақырымды қамтитын «Жасыл белдеу» қалыптастырылып, ұзын саны 25 мыңнан астам тал көшеті егілді.

Көгалдандыру барысы аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтың тұрақты бақылауында.  Жасыл аймақты дамыту — ауданның экологиялық жағдайын жақсартып, қоршаған ортаны қорғау үшін жалғасады.