АБАТТАНДЫРУ ТАЗАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Шарбұлақ ауыл округінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық апталығы өтті. Оған Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мен ерікті жастар қатысты.
Нәтижесінде өзен-көл жағалаулары мен бұлақ көздері тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартылып, табиғи аумақтарды қалпына келтірілді. Мақсат– қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және экологиялық мәдениетті санаға сіңіру.
Мұндай экологиялық іс-шаралар өз жалғасын тауып, аудан аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау тұрақты жүргізілмек.
