ҚАУІПСІЗ АЙМАҚ

Түркістанда өңір қауіпсіздігіне қатысты маңызды жиын өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жетекшілігімен өткен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысында аймақтағы ахуал жан-жақты қаралды.

Басқосуға комиссия мүшелерімен қатар, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, облыстық департамент жетекшілері, сондай-ақ қала және аудан әкімдері қатысты.

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары пысықталды. Жауапты мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдері өз есептерін ұсынып, өзекті мәселелер мен тәуекелдерге тоқталды. Әсіресе алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және салааралық үйлесімді жетілдіру мәселелері талқыланды.

Жиын барысында өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдар белгіленіп, жүйелі жұмысты күшейту бойынша ұсыныстар айтылды.

Отырыс соңында атқарылған іс бағаланып, облыс аумағындағы қоғамдық тұрақтылықты сақтау жоспары нақтыланды. Жауапты құрылымдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.