«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының конференциясы өтіп, оның қорытындысы бойынша облыстық филиалдың төрағасы, Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды.

Конференция барысында қаралған негізгі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сонымен қатар, күн тәртібіне сәйкес облыстық филиалдың басшылық органдарын қалыптастыру мәселесі талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ашық дауыс беру қорытындысына сәйкес «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып Нұрлан Әлішерұлы Толыбаев сайланды. Ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси салада көпжылдық тәжірибесі бар білікті маман. Жаңа басшы филиалдың қызметін үйлестіріп, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүйелі жүзеге асыруға, сондай-ақ азаматтармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жетекшілік етеді.

Облыстық филиалдың Саяси кеңесінің құрамына өңірдегі шағын және орта бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, үкіметтік емес ұйымдар және экономиканың басқа да салаларының өкілдері енді. Қалыптасқан құрам өңірдің қоғамдық-саяси өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жан-жақты қамтиды.

Өңірлік филиалдың Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп салаларында мол тәжірибесі бар кәсіби мамандар сайланды. Комиссия партия қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға және ұйым қызметінің белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуіне ықпал ететін болады.

Осылайша, облыстық филиалдың басшылық органдары толық қалыптастырылып, «Әділет» партиясының Түркістан облысындағы өңірлік құрылымын ұйымдастыру кезеңі толық аяқталды. Алдағы уақытта филиал өңір тұрғындарымен жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізуге, партияның бағдарламалық бастамаларын дәйекті іске асыруға, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығымен, кәсіпкерлермен және азаматтық қоғам институттарымен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызметін жалғастырады.