ОРТАЛЫҚ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының Оңтүстік тұрғын алабын сапалы ауыз сумен толыққанды қамтамасыз ету мақсатында орталық ауыз су жүйесінің құрылыс жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жалғасуда. Барлық жұмыс бекітілген өндірістік-күнтізбелік жоспарға сәйкес орындалуда. Жоба шеңберінде ауыз су құбырларын төсеу, су желілерін жүргізу және тұрғын үйлерді орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу жұмыстары атқарылуда.

Жоба нәтижесінде жалпы 956 тұрғын үйді орталық ауыз су жүйесіне қосу жоспарланған.

Аталған жоба толық іске асырылғаннан кейін Оңтүстік тұрғын алабының тұрғындары сапалы әрі тұрақты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, елді мекеннің инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы жетілдіріліп, тұрғындарға ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасы едәуір жақсарады.