Тоғыз айға 9 іс-шара тұжырымдамасы: оқушылар арасында асық ату ойыны өтті

Алматыда оқушылар арасында ұлттық ойынды кеңінен насихаттау басталды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Алатау ауданындағы № 205 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында  «Асық ату» челленджі өтті. Мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдердің ұйымдастыруымен “Бес асық” және “Бес табан” жалпы ұлттық ойындары ұйымдастырылды.

«Челлендждің мақсаты – білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.
Міндеттері:
– қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғырту және насихаттау;
– қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу;
– оқушыларды асық ойынына баулу.

 


«Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады. Бұл акция өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған», – деді № 205 жалпы білім беретін мектептің әкімшілігі. 

Добавить комментарий