ПРЕЗИДЕНТ САММИТКЕ ҚАТЫСАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары басталды.

Президентті Әбу Даби әуежайынан БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді деп күтілуде.