ПРЕЗИДЕНТ ЕРМЕК САҒЫМБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сын-қатерлерді ескере отырып ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік органдарын перспективті дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар, жедел қызметтік іс-қимылды ұйымдастыру және оның құрылымын жетілдірумен айналысып жатыр.
Сол сияқты арнайы қызметті кадрлық және техникалық тұрғыдан нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі үдерістерді оңтайландыру мен цифрландыру жұмыстары жүргізуде.
Сондай-ақ, халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы тұру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны қорғау және күзету салаларында көптеген маңызды істер атқарылуда.
Бұл туралы бүгін ҰҚК Төрағасы Ермек Сағымбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында баяндады.
Өз кезегінде мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.