МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ КЕЛІП, ІШКІ САЯСАТТЫ РЕТТЕУДІ ТАПСЫРЫП КЕТТІ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында ішкі саясатқа қатысты мәселелерді талқылауға арналған мәжіліс өткізді. Оған облыс әкімінен бастап аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын тиімді орындауға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасқа, ақпараттық және жастар саясатына, сондай-ақ,  басқа да түйткілдерге қатысты өзекті мәселелерге тоқталды. Мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру ісіндегі басты қағидаттарға атап өтіп, ішкі саясат саласында проактивті, яғни, проблемалардың алдын алу тәсілін қолдану қажеттігіне мән берді. Мемлекеттік кеңесші жауапты органдарға ішкі саясат саласын жетілдіруге қатысты бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар, Ерлан Қарин Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және реставрация жұмыстары көрді.  Мемлекеттік кеңесші еліміздің ғана емес, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген бірегей нысанды сақтап қалуды тапсырды.