ЖҰМЫС ЖАЛҒАСАДЫ

Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өтті. Басқосуға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек төрағалық етті.
Комиссия жұмысы барысында өзекті әлеуметтік мәселелер ортаға салынып, нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Күн тәртібіндегі оқушылар мен жастар арасында суицид пен құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес, аз қамтылған отбасылармен жұмыс, адам құқықтарын қорғау және гендерлік саясатты іске асыру бағытындағы мәселелер талқыланды.
Кей баяндамашылардың ақпаратында нақты көрсеткіштер мен жүйелі талдаудың жеткіліксіздігіне комиссия мүшелері тарапынан нақты ескертулер берілді. Кейбір мәселелер келесі отырыста қайта қаралатын болды.
Сәрсен Құранбек:
«- Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, отбасы институтын нығайту және әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсету – біздің ортақ міндетіміз. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады»,- деді. Сондай-ақ, комиссия отырыстарының өзекті мәселелерді ашық талқылауға, жауапты мекемелердің тиімді жұмыс жүргізуіне және нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті.