КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУДЕ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің кезекті көшпелі кездесуі Тұран ауданында жалғасын тапты. Жиналыста қоғамдық орындар мен аулаларды, көшелерді және Қошқар ата өзені жағалауын абаттандыру және тазалығын қамту, автотұрақтарды кеңейтіп, бейнебақылау камераларын орнату қажеттігі айтылды.

 

Ғабит Сыздықбеков тұрғындарды қалада тазалық пен тәртіпті сақтауға, таза және жайлы орта қалыптастыруға шақырды. Көшпелі кездесуге келгендер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сапалы жылу, коммуналдық және кәсіпкерлік нысандарының жұмысы мен балалар, спорт алаңдарын жаңартуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

 

Тұрандықтардың талап-тілектері ескеріліп, жұмыс жоспары аясында қарастырылады. Қала әкімі аудан әкімдігі мен тиісті басқарма басшыларына көтерілген мәселелерді жедел шешіп, халыққа қолайлы жағдай жасауда нақты міндеттер жүктеді.