АҚОРДАДА ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.

 

«Ақорда» резиденциясының алаңында мемлекет басшысының қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

 

Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

 

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасын тапты.