ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ТҰРАҚТАЙДЫ

Өткен жылдың қазан айында «Химфарм» ЖШС («Polpharma Santo» сауда белгісі) басшылығымен кездесуде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков дәрі-дәрмек бағасының өсуін тежеу және тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді медициналық препараттармен қамтамасыз ету шараларын талқылады. Тараптар кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру және заманауи техникалық шешімдерді енгізу жөнінде келісімге келген еді.

Осы келісім аясында Шымкентте жаңа фармацевтикалық зауыт салу бойынша ауқымды инвестициялық жоба басталады. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрайды.

Жоба аясында жаңа өндірістік желілер салынып, шығарылатын препараттар саны 38  дейін кеңейтіледі. Олардың қатарында онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрілер бар.

Өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2029 жылдың соңына жоспарланған. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында шамамен 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Польша тарапы, Шымкентте жаңа дәрілік өнімдерді әзірлеуге арналған ғылыми-зерттеу сынақ орталығы мен заманауи зертханаларды қамтитын Сапа және инновациялар орталығын салуды жоспарлап отыр.

Зауыттың ашылуы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және Шымкенттің елдегі жетекші фармацевтикалық орталықтардың бірі ретінде танытады.