ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖЫР ДОДАСЫ:ИРАНҒАЙЫП КҮЗЕНБАЕВ БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

Киелі Түркістан төрінде Ұлыстың ұлы күні – республикалық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі дода белгілі айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбековтің 50 жас мерейтойына арналды.

​«Айтыстың алтын айдары — Бекарыс» атты бұл шарада елге танымал 14 сөз шебері бақ сынады. Олардың қатарында Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров сынды айтыс ақтаңгерлері бар.

Мерейтой иесіне құрмет

​Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің атынан мерейтой иесі Бекарыс Шойбековке ерекше құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды және су жаңа автокөлік кілті табысталды.

 

​Аламан айтыстың қорытындысы

​Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар келесідей анықталды:

Бас жүлде: Иранғайып Күзенбаев (Астана қаласы);

ІІ орын: Даурен Ақсақалов (Түркістан) және Жансая Мусина (БҚО);

ІІІ орын: Мұхтар Ниязов пен Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда облысы).

«Бұл айтыс — тек сөз жарысы емес, ұлттық құндылықтар мен ел бірлігін ұлықтаған рухани кеш болды,» – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

​Айта кетейік, қазақтың төл өнерінің додасы Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен және «Amanat» партиясының қолдауымен жүзеге асты.