АЙЫППҰЛ АРҚАЛАМАҢЫЗ

Ордабасы тауының бөктерінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін – Корольков қызғалдағы гүлдеді..

 

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде өсетін өсімдік. Ордабасы ұлттық-тарихи мәдени қорық аумағында оның ерекше көптеп шығуы – көктемнің көркін ашатын гүл көрпесіне айналады.

 

Былтыр құрғақшылық салдарынан сиреген тау қызғалдақ биыл табиғаттың қолайлы жағдайының арқасында жайқалып, тау бөктерін қызыл-сары кілемге орап тұр. Биіктігі небәрі 6-7 сантиметр болатын бұл өсімдік топталып өсіп жатыр.

Табиғат тамашасын сақтау керек. Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұламын деп айыппұл арқалап жүрмеңіз. Тек қызғалдақ емес, бәйшешекке айыппұл қарастырылған.