ӨЗ ҮЙЛЕРІ БАР

Шымкент қаласында тұрғындарды үймен қамту жұмыстары аясында Асар-2 шағынауданынан тағы 30 отбасына жалдамалы пәтер кілттері табысталды.

​Пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстап, қоныс иелерін құттықтады.

​Баспана әлеуметтік осал топтарға (мүгедектігі бар жандар, толық емес отбасылар, ерекше бала тәрбиелеушілер және жетім балалар) берілді.

​Пәтерлер коммуналдық үй қоры есебінен бөлінген.

Ғабит Сыздықбеков:

​«Сапалы баспанамен қамтамасыз ету — халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың басты кепілі», — деп атап өтті.

​Жыл соңына дейін қалада тағы бірнеше тұрғын үй кешенін пайдалануға беру көзделген. Пәтерлерді бөлу процесі белгіленген талаптарға сай, ашық әрі әділ түрде жалғасады.