900 ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ
Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде өткен «Мөлдір бұлақ» экологиялық апталығы аясында кең көлемді тазалық және абаттандыру шаралары ұйымдастырылды.
Игі бастамаға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың жетекшілігімен 900-ге жуық тұрғын қатысып, 70-тен аса мекеме белсенділік танытты. Сонымен бірге жұмыстарды тиімді жүргізу үшін 18 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Акция барысында бір күннің өзінде аудан аумағында 9 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды. Ал жыл басынан бері егілген көшеттер саны 17 мыңға дейін жетіп отыр. Әрбір қатысушы табиғатты аялауға өз үлесін қосып, ағаш отырғызу арқылы экологиялық жауапкершілігін көрсетті.
Сонымен қатар тазалық жұмыстары кезінде өзен-көл жағалаулары мен бұлақ көздері қоқыстан тазартылып, табиғи аумақтарды ретке келтіру және көркейту шаралары жүргізілді.
Шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау ісіне бейжай қарамауға шақыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.
Мұндай экологиялық бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, аудан аумағында тазалық пен көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асырыла береді.
