ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ ТАБЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның кезекті мәжілісі өткізілді. Жиынға облыстық Терроризмге қарсы комиссияның мүшелері, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, жауапты департамент жетекшілері, сондай-ақ аудан және қала әкімдері қатысты.

Комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың өзекті мәселелері қаралды. Мәжіліс барысында тиісті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қала және аудан әкімдіктерінің аталған бағыттағы қызметі жөніндегі есептері тыңдалды. Сонымен қатар профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, салааралық өзара іс-қимылды күшейту, жүйелі жұмыстарды үйлестіру және оңтайлы шешімдер қабылдау мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысында мемлекеттік органдар тарапынан жүзеге асырылып жатқан кешенді жұмыстар мен олардың нәтижелері сараланып, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы негізгі тетіктерге баға берілді. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.