ҚҰРЫЛЫС, САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚАРАЛДЫ
Түркістан облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде облыс әкімдігі мен облыстық тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері, Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы жөніндегі есебі, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы жөніндегі есебі, Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы жөніндегі есебі, «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы, «Түркістан облысының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы», «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы», Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы, Түркістан облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы, «Түркістан облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу қаралды. Мәселелер тұрақты комиссия мүшелері тарапынан бірауыздан қолдау тауып, оларды сессияның қарауына енгізу туралы тиісті қорытынды қабылданды.
