ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРМЕУ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірлік жедел штабтың мәжілісі өтті. Басқосуда кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.

Жиын барысында құқық қорғау органдары мен жауапты мекемелердің баяндамалары тыңдалып, құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру, білім беру ұйымдары, ата-аналар және тиісті қызметтердің өзара үйлесімді іс-қимылын күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Облыс әкімі жауапты мекемелерге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және профилактикалық іс-шаралардың нәтижелілігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.