ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АРҚАСЫНДА МОЛ ӨНІМ АЛЫНДЫ
Түркістан облысының Жетісай және Мақтаарал аудандарында диқандар қырыққабаттың алғашқы өнімін жинау науқанын бастады. Биылғы маусымда егін небәрі 45 күн ішінде пісіп-жетіліп, жоғары өнім көрсеткішіне қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы өкілдері суармалы судың уақытылы әрі тұрақты жеткізілуі өнім сапасына оң әсер еткенін атап өтуде. Осы ретте шаруалар Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» мекемесінің жұмысына оң…
