ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ИЗМИР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркия Республикасының Измир қаласының әкімі Джемиль Тугаймен кездесті. Басқосу барысында өңіраралық әріптестікті дамыту, инвестиция тарту, туризмді өркендету, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Нұралхан Көшеров Түркістан облысының экономикалық әлеуеті, инвестициялық мүмкіндіктері және өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар жөнінде баяндап, бауырлас мемлекеттердің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге…
