ӨЗЕН ЖАҒАЛАУЫНАН 20 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы аумағында Taza Qazaqstan жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалықты сақтау және елді мекеннің көркін арттыру арқылы тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыру. Сенбілік жұмыстары ауыл аумағындағы су жағалаулары бойында жүргізіліп, табиғи аумақтарды қалпына келтіру мен экологиялық…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ІРІ ӨНДІРІС ОРНЫ САЛЫНУДА

Түркістан облысы индустриялық даму мен агроөнеркәсіптік секторды әртараптандыру бағытында жаңа кезеңге қадам басты. Өңірде ауқымды инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, өндірістік әлеует артып келеді. Шардара ауданындағы индустриалды аймақта бой көтеріп жатқан «Казкрахмал» крахмал-сірне зауыты – облыстың өнеркәсіптік және аграрлық мүмкіндіктерін тиімді ұштастыратын, экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналатын маңызды жобалардың бірі. Қазіргі уақытта шикізатты қабылдау, кептіру…

Толық оқу

ӨСІМДІК МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылдық округінде орналасқан индустриялық аймақта «Альбарака 077» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өсімдік майын өндіретін жаңа зауыты ресми түрде іске қосылды. Өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған бұл маңызды жобаның ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, кәсіпорынның ел экономикасына қосар үлесіне оң бағасын берді. Аталған инвестициялық жобаның жалпы құны 1 миллиард теңгені…

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҒЫЛЫМ ЕНЕДІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын ғылыми тұрғыда дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ордабасы ауданында «Агроөнеркәсіп кешеніне заманауи агротехнологияларды енгізу және саланың өнімділігін арттыру» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік форум өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, аудан әкімі Азат Оралбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық аграрлық ғылым академиясының академигі Жәнібек Паржанов, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ аграрлық факультетінің деканы, профессор,…

Толық оқу

ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕГЕМЕНДІКТІҢ КЕПІЛІ

Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау мақсатында кезекті штаб отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жетекшілік етіп, оған облыстық прокуратура, құқық қорғау органдары және жауапты басқарма басшылары қатысты. Аудан және қала әкімдері селекторлық байланыс арқылы қосылды. Кездесу барысында өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың қазіргі жай-күйі жан-жақты сараланып, ықтимал тәуекелдердің алдын алу мәселелері қаралды. Әсіресе…

Толық оқу

ГРУЗИЯМЕН ӘРІПТЕСТІК СЕРІКТЕСТІК НЫҒАЯДЫ

Нұралхан Көшеров Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Леван Диасамидзе – Грузияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда, инвестиция, туризм және мәдени байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Өңір басшысы кездесуде Түркістан облысы соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын айтып, облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, облыс 2018 жылы құрылған…

Толық оқу

ӘКІМ ИНКАЙДЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА БАРДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапары аясында уран өндіру саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі – «СП «Инкай» ЖШС-нің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты. Аталған іс-шара өңірдің өндірістік әлеуетін арттырудағы және әлеуметтік жауапкершілікті нығайтудағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде ұйымдастырылды. Іссапар барысында өңір басшысы кәсіпорынның өндірістік қызметімен ғана емес, қызметкерлерге арналған әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымымен…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Жоғарғы соттары төрағаларының II форумы өтті. Халықаралық маңызы зор жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның жоғары сот органдарының басшылары қатысты. Форум барысында сот жүйесін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын құқықтық салаға енгізу, инвестициялық ортаны жетілдіру және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шара кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы…

Толық оқу

64 ШАҚЫРЫМДЫҚ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ САЛЫНУДА

Тама-Тастанбек ауыз су жүйесінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында жалпы ұзындығы 64 шақырым болатын екі желі қарастырылған. Қазіргі таңда диаметрі 560 мм полиэтилен құбырының 32 шақырымы төселіп үлгерді. Сонымен қатар траншея қазу, құбырларды дәнекерлеу, орнату және қысыммен сынақтан өткізу жұмыстары қатар атқарылуда. Бүгінге дейін 55 камералы құдық орнатылған. Бұрғылау жұмыстары да жүйелі жалғасуда. Қазіргі таңда…

Толық оқу

АҚЖАРДЫҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Сарыағаш ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осыған орай аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне арнайы барып, ауыз су жүйесі мен медициналық нысандар құрылысының барысымен танысты. Аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын бақылап, жауапты мамандар мен мердігер мекеме өкілдеріне жобаларды белгіленген талаптарға сай әрі мерзімінде аяқтау…

Толық оқу