ӘДІЛ ӘРІ БӘСЕКЕЛІ ЭКОНОМИКА ҚҰРЫЛАДЫ

Әділет партиясының сайлауалды бағдарламасындағы төртінші басымдық – «Әділ, бәсекелі экономика» – Қазақстанның бүгінгі экономикалық жағдайына жауап беретін, елдің болашағын ойлаған маңызды бағыттардың бірі. Бұл бастаманың негізгі мәні – экономиканы тек цифрлар мен статистикалық көрсеткіштер арқылы өсіру емес, сол экономикалық өсімнің нақты нәтижесін әр азаматтың тұрмысынан сезіндіру. Яғни экономика өсті деген сөздің мәні халықтың табысы артқанда,…

Толық оқу

ТҮЛКІБАСТА ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ ӘҢГІМЕ ӨРБІДІ

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің облыстағы аудан, қала тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Кезекті жүздесу Түлкібас ауданының тұрғындарымен өтіп, облыс әкімі өңір жұртшылығымен ашық диалог құрып, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Кездесу барысында облыс басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, өңірде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті. Нұралхан Көшеров:  – Түлкібас…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖАҢАША ДАМУЫ

Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті түркі әлемінің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын айқын көрсетті. Жиында сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі халықаралық жағдайдың күрделене түскенін, әлемдік және аймақтық деңгейдегі бәсекенің күшейіп, қарулы қақтығыстар мен соғыстардың экономикалық тұрақтылыққа теріс әсер етіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осындай алмағайып кезеңде түбі бір түркі халықтарының ауызбіршілігі…

Толық оқу

МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ КЕЛІП, ІШКІ САЯСАТТЫ РЕТТЕУДІ ТАПСЫРЫП КЕТТІ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында ішкі саясатқа қатысты мәселелерді талқылауға арналған мәжіліс өткізді. Оған облыс әкімінен бастап аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын тиімді орындауға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасқа, ақпараттық және жастар саясатына, сондай-ақ,  басқа да түйткілдерге қатысты…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖОБАНЫ ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ИНВЕСТОР ТАЛҚЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдап, Қазақстанның оңтүстік өңірінде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі – толық өндірістік циклды қамтитын мақта-мата кластерінің даму барысын жан-жақты талқылады. Кездесу барысында бұл бастаманың ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы, әсіресе агроөнеркәсіп кешені мен жеңіл өнеркәсіптің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал ететіні атап…

Толық оқу

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ЖОЛЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ

Түркістан қаласында 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне және Қазақстан полициясының құрылғанына 34 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті. «Конгресс Холл» кешенінде ұйымдастырылған мерекелік шара Қазақстан полициясының қызметіне арналған бейнеролик көрсетілімімен басталды. Салтанатты рәсімге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Нұралхан Көшеров: – Сіздерді Қазақстан полициясы күні мерекесімен…

Толық оқу

ҮНДІСТАНМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙЫП, КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті. Кездесу барысында инвестиция тарту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, медицина және фармацевтика салаларындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен инвестициялық әлеуетіне кеңінен тоқталып, Түркістан облысында инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар қалыптастырылғанын атап…

Толық оқу

6,6 ТРЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛМАҚ

Шымкент қаласының экономикасын тұрақты дамыту мақсатымен алдағы 5 жылда 6,6 триллион теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл туралы мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.   Ғабит Сыздықбеков  – Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, өңірге инвестиция тарту – стратегиялық міндетіміз. Бұл ретте инвесторларға қолайлы жағдай жасап, тұрақты қолдау көрсетіп келеміз. Соңғы 3 жылда қала…

Толық оқу