30 МЫҢ ГЕКТАР ДӘРІЛЕНДІ

Түркістан облысында дәріленген жер көлемі 30 мың гектардан асты. Зиянкестермен күрес тұрақты жүргізіліп жатыр.
ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы Сакен Қаныбеков те бұған көз жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс қаласындағы штабқа барып, Марокко шегірткесін жою бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Жауаптылар жалпы жұмылдырылған анықтаушылардың, техниканың саны мен жеткізілген химиялық препарат қоры жеткілікті.
Арыста — 12 мың, Сарыағашта — 8мың, Келесте 6 мың гектардан астам жер өңделді. Жалпы облыстағы 5 ауданда химиялық залалсыздандырылып жатыр.
Бүгінгі таңда қосымша тағы 30 техника тартылды. Аймақтарға бүріккіш тіркемелер, мотопомпалар жеткізілуде.
Нұрбол Тұрашбеков “Zoom” бейнебайланысы арқылы лездемелік мәжіліс өткізіп, аудан әкімдеріне жұмысты үйлестіруде жауапкершілік танытуды ескертті:
— Өз аудандарыңыздағы жұмыстарды жеке қадағалауға алыңыздар. Берілген есеп нақты тірлікпен сәйкес келуі шарт. Аралау барысында кей аймақтағы көрсеткіштер ұсынылған мәліметтердегідей керемет емес екеніне көз жеткізіп отырмын. Талап та, жауапкершілік те бәрімізге бірдей, — деді, ол.