КӘСІПТІК АУРУҒА НЕ СЕБЕП?

Созылмалы аурулар медицина тұрғысынан кәсіптік ауру санатына айналады. Кәсіптік аурулар — адамның еңбек қызметі барысында белгілі бір зиянды факторлардың (химиялық, физикалық, биологиялық және психоэмоционалдық) ұзақ немесе жоғары деңгейде әсер етуінен туындайтын аурулар.
Кәсіптік ауруларға себеп болатын негізгі факторлар:
• Шу мен діріл
• Улы химиялық заттар
• Ауыр дене еңбегі
• Компьютермен ұзақ жұмыс істеу
• Радиоактивті сәулелену
• Қолайсыз еңбек жағдайлары
Жиі кездесетін кәсіптік аурулар:
• Бронхит, пневмокониоз (шаңмен жұмыс істейтіндерде)
• Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары (қолмен жұмыс істейтіндерде)
• Көздің көруінің нашарлауы (монитор алдында көп отыратындарда)
• Есту қабілетінің төмендеуі (шу деңгейі жоғары ортада істейтіндерде)
• Тері аурулары (химиялық заттармен жұмыс істейтіндерде)
Кәсіптік аурудың белгілері жай ғана шаршау, ауырсыну, әлсіздік сияқты көрінуі мүмкін. Уақытында әрекет етпесек, бұл созылмалы дертке айналып, жұмыс қабілетін төмендетеді.
Алдын алу жолдары:
• Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтау;
• Арнайы қорғаныс құралдарын пайдалану (маска, қолғап, құлаққап және т.б.);
• Дене белсенділігін арттыру, үзіліс жасау;
• Жыл сайынғы медициналық тексерістен өту;
• Жұмыс берушіден еңбек жағдайларын жақсартуды талап ету.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол табу керек.