АУЫЗ СУДАН ПАЙДА БОЛАТЫН АУРУЛАР

Сапасыз немесе ластанған ауыз су — бірқатар жұқпалы ауруларға шалдықтырады. Кейбір адамдарда қайнамаған және тазартылмаған суда минералдар сақталады деген түсінік қалыптасқан. Мейлі ашық, мейлі жабық су нысандарынан келетін сулар залалсыздандырылмаса денсаулыққа зиян шектіруі мүмкін. 

 

Ауыз судан жұғатын жиі кездесетін аурулар:

• Ауыз арқылы жұғатын ішек инфекциялары (дизентерия, іш сүзегі, холера);

• Вирусты гепатит А;

• Лямблиоз, амёбиаз сынды паразиттік аурулар.

 

Бұл аурулар қалай жұғады?

Ластанған немесе қайнатылмаған суды ішу, сондай-ақ, сол сумен әзірленген тағамды тұтыну салдарынан да жұғады. Жеке бас гигиенасы талаптарының сақталмауы да түрлі аурудың таралуына әсер етеді.

 

Сақтану жолдары:

• Ауыз су ретінде тек тазартылған немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;

• Су тасымалдауға арналған ыдыстардың тазалығына мән беріңіз;

• Қоғамдық орындарда қол жууды ұмытпаңыз;

• Су құбырларында апаттық жағдай болғанда суды міндетті түрде қайнатып ішіңіз.