ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АЛМАТЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Оны шаһар активіне Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай таныстырды.

Дархан Сатыбалды бұл қызметке Президент әкімшілігінен келді. Ол бұған дейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысын басқарған, әкімдік қызметте жиған тәжірибесі бар, білікті кадр.