АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Солтүстік-батыс, Жиделі, Көкбұлақ және Тәуелсіздікке 20 жыл шағын аудандарында көшпелі кездесу өткізді. Тұрғындар жолдарды кеңейту, асфальттау, жол белгілерін орнату, кәріз желілерін жаңарту, жер телімдерін рәсімдеу, көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтерді.
Сол сияқты қосымша ойын және спорт алаңдарының, мәдениет үйі мен медициналық мекемелердің қажеттігі айтылды. Автобустар санын көбейту және маршруттарды реттеуге қатысты өтініштерін жеткізді.
Көтерілген мәселелердің бірқатары шұғыл шешімін тапты. Ал уақыт талап ететін ұсыныстар мен талап-тілектер қаланы дамыту жоспарлары аясында кезең-кезеңімен реттелмек. Көшпелі кездесулердің мақсаты өзекті проблемаларды жүйелі және дәйекті түрде шешу және қалада оңды өзгерістер жасау.