ЖАҢА БАСҚАРМАЛАР ҚҰРЫЛАДЫ

Шымкент қалалық мәслихатының сессиясында 2025–2027 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу қаралды. Әкімдік тарапынан қазына қаржысын 45 миллиард теңгеге ұлғайту ұсынылды.

Сондай-ақ, үнемделген және игерілмей қалған қаржыларды қайта бағыттау көзделген. Яғни, қаражат әлеуметтік салаға — жекеменшік мектептерді қаржыландыру, ауруханалар мен емханалардың материалдық-техникалық базасын күшейту шараларына жұмсалады.

 

Депутаттар жаңадан Жастар басқармасы және Балалар құқығын қорғау басқармасын құру жөніндегі шешімдерді қолдады. Сессияда қала әкімдігінің құрамы мен басқару схемасына өзгерістер енгізу, түрлі комиссиялардың, терроризмге қарсы, құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар құқығын қорғау, т.б. құрамын жаңарту, зираттарды күтіп ұстау қағидалары мен ортақ су пайдаланудың жаңа тәртібін бекіту мәселелері де қаралды.

 

Мәслихат қаралған мәселелер қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, әлеуметтік саланы дамытуға арналған. Әсіресе жастарға қолдау көрсету мен бала құқын қорғау бастамалары көпшіліктен қолдау тапқан.