300-ДЕН АСА ТҰРҒЫНҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛДІ

Шымкентте 333 адамға 1 572 800 теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді. Бұл тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік осал топ санатынан шығаруға арналған қолдау.

 

Жыл басынан бері қолдау қаржыға қол жеткізу үшін 1756 адамнан өтініш түскен. Оң шешім тек 336 адамға шыққан. 333 адамға қаражат аударылып, қалған 3 адамның есепшоттары бұғатталуына байланысты гранттан бас тартқан.

 

Гранттарды беру екі лек бойынша ұйымдастырылып, өтініштер Enbek.business.kz порталы арқылы қабылданады. Үміткерлер бизнес-жобаларын онлайн жүктеп, кейін арнайы құрылған комиссия алдында офлайн түрде қорғайды. Нәтижесінде бірінші лекте – 134 адам (65 жеке кәсіпкер, 69 жұмыссыз), екінші лекте – 199 адам грантқа ие болған. Жеке кәсіпкерлікті бастағандардың көпшілігі көп балалы отбасылар мен мүгедектігі бар адамдар.

 

Мемлекеттік гранттар азаматтардың табысын арттыруға және ел экономикасына үлес қосуына сеп болады. Грант иегерлері өз жобаларын жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын ашуы тиіс.

 

Мемлекет тарапынан берілген қаражат қайтарымсыз болғанымен, оның мақсатты жұмсалуы бақыланады. Оны Еңбек мобильділігі орталығының арнайы мониторинг тобы атқарады.  Қаржы мақсатсыз жұмсалған жағдайда,  мемлекетке қайтарылатынын ескертеді.