ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ӨТТІ
Ұлттық Құрылтайдың V отырысы өтті. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Күн тәртібінде әдеттегідей тарихи, әдебиет, мәдениет, ұлттық құндылықтар мен саяси реформалар қаралды.
Президент Парламентті — Құрылтай деп атауды ұсынды. Сондай-ақ бірпалаталы Парламентте 145 депутат болады.
Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына жүз адам кіреді. Комиссия Конституциялық реформаларды іске асырады. Конституцияға тек бірпалаталы Парламент құру бойынша емес, Президенттік басқару жүйесіне де өзгерістер енгізілетін болды.
Енді, мемлекеттік кеңесші деген лауазым болмайды. Вице-Президент пайда болады. Ол Президент тапсырмаларын орыңдаумен тікелей айналысады.
Ал, Конституцияға енгізілетін өзгерістерді мақұлдау үшін жалпыхалықтық референдум өтеді. Қай күні екені әзірге белгісіз.
Мемлекет басшысы Салық Кодексін реттеуді тапсырды. Себебі қоғамда келіспеушілік пен түсініспеушілік туындап жатыр.
