МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов «AMANAT» партиясы филиалында тұрғындарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтар тарапынан көтерілген өтініш-шағымдар мен ұсыныстарды мұқият тыңдалды.
Азаматтар тұрғын үй, инфрақұрылым жүйелерінің жай-күйі сияқты өзге де әлеуметтік мәселелерді жеткізді. Мәслихат төрағасы әрбір өтінішке жеке тоқталып, олардың шешімін табу үшін жауапты мекемелерге нақты тапсырма берді.
Қабылдау барысында 4 азаматтың өтініш-шағымы қаралды. Жеке қабылдауға келгендер өз ұсыныстары мен мәселелерінің назардан тыс қалмағанына ризашылықтарын білдіріп, мұндай ашық форматтағы кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Жеке қоғамдық қабылдаудың тұрғындар мен билік өкілдері арасындағы өзара сенімді нығайтуға, сонымен қатар өңірдегі түйткілді мәселелердің дер кезінде шешілуіне септігі тиеді.
