АПТА САЙЫН 30-50 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОП ЖАТЫР

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болды. Олар Асар-2, Тұран және Бозарық шағынаудандарындағы үйлерге қоныстанады.

 

Пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің өзі табыстады. Коммуналды үй қорынан берілген баспана толық емес отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ, жетім және мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.

 

Жаңа пәтерлер инженерлік-коммуникациялық желілерге қосылған және қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Демек үй иесі дайын болса, үй дайын деген сөз.

 

Үй кезегінде тұрған азаматтарға кезегі келгенде баспана беріледі.  Ол үшін құрылыс аяқталып, пайдалануға дайын болуы тиіс.