ДУМАНДЫ ӨТІП ЖАТЫР
Шымкент қаласында Наурыз мейрамына арналған ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шаралар басталды. Қаланың бірнеше қоғамдық орнында бір мезгілде ұйымдастырылған мерекелік бағдарламалар аясында тұрғындар мен қонақтарға ұлттық салт-дәстүр, мәдениет және заманауи демалыс іс-шаралары ұсынылды.
Басты мекерелік сән-салтанат Астана алаңында өтіп жатыр. Мұнда таңғы уақыттан бастап театрландырылған қойылымдар, концерттер, ұлттық ойындар және интерактивті аймақтар қамтылған мазмұнды бағдарламалар ұсынылды. Сахнада шығармашылық ұжымдар мен әртістер өнер көрсетіп, отандық орындаушылардың қатысуымен гала-концерт өтті.
Мерекелік іс-шаралар қаланың басқа да алаңдарында ұйымдастырылып, түгел қамтыды. Қонақтарға Street style және K-pop бағыттарындағы би баттлдары, домбырашылар ансамблінің өнері, батырлар шоуы, цирк қойылымдары, мотошеру мен Moto Show, спорттық автокөліктер көрмесі, сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі ұсынылды.
Мереке аумағы тақырыптық аймақтарға бөлінді. Этно-аймақта ұлттық шеберлік сабақтары өткізілсе, еуропалық аймақта заманауи шоу-бағдарламалар мен би қойылымдары көрсетілді.
Арбат аумағында қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Осылайша Әз-Наурыз мерекесі дәстүр мен заманауи өнерді үйлестіріп, нағыз халықтық думан қалыптастырды.
