ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Шымкентте Наурыз онкүндігі аясында – DamDastour халықаралық гастрономиялық фестиваль өтті. Кәсіби аспаздар ұлттық және әлемдік асхананың үздік тағамдарын көпшіліктің көз алында дайындады.
Фестивальге отандық және шетелдік халықаралық деңгейдегі 10 шеф-аспаз қатысты. Олар авторлық тағамдарын ұсынып, шеберлік сабақтарын өткізіп, кәсіби шеберліктерімен бөлісті.
Гастрономиялық байқау бірнеше номинация бойынша үміткерлерді іріктеді. Елуге жуық жергілікті мейрамхана алуан түрлі тағамдар ұсынды. Фестиваль мазмұнды мәдени-ойын-сауық бағдарламамен үйлесті.
Би баттлдары, домбырашылар ансамблінің шоуы, цирк қойылымдары, мотошеру және спорттық автокөліктер көрмесі өткізілді. Фестиваль аумағы тақырыптық аймақтарға бөлініп, жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде отандық өнерпаздар және арнайы шақырылған хедлайнер өнер көрсетті.
DamDastour халықаралық фестивалі Шымкенттегі Наурыз мерекесін ауқымды тойлауда дәстүр мен заманауи өнер үйлесімінің үлгісіне айналды.
