ШИРАТЫЛМАЙ ШАРУА ШАРЫҚТАМАЙДЫ
Түркістан облысында инвестиция тарту және қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бойынша инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында биыл іске қосылатын инвестициялық бастамалар мен былтыр шетелдік инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері қаралды. Қазығұрт және Түлкібас аудандары әкімдерінің есептері тыңдалды.
Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда кедергі келтірмеуді, мәселені нақты шешуді тапсырды. Әр жоба бойынша жұмыс жоспарын әзірленеді. Құрылыс жұмыстарын негізсіз кешіктіруге жол бермеу және барлық тапсырмалардың орындалуы талап етілді. Перспективалы жобаларға қолдау жалғасады.
Биыл бірнеше өндірістік нысан салыналы. Мақтаарал ауданындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында «КАЗ ПРО ТЕМІР» ЖШС металл өнімдерін шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын профлист, құбыр, сэндвич-панель және жеңіл болат конструкциялар өндіреді. Жобаның жалпы құны 23 млрд теңгені құрайды, іске қосылған кезде 200 адам жұмыспен қамтылады.
«Kaz Aqua Jem» ЖШС аквамәдениетке арналған жем өндіру жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр. Жоба аясында жәндіктер протеинінен экструдирленген өнім шығарылатын болады. Инвестиция көлемі – 2,678 млрд теңге.
«Gold Fish Feed» ЖШС-ның балық жемін өндіру және балық шаруашылықтарына арналған жабдықтарды құрастыру жобалары таныстырылды. «Gold Fish TURKISTAN» балық өсіру және туризм орталығын құру бастамасы ұсынылды.
Түркістандағы өндірістік паркте «Sensemi company» ЖШС есептеу құрылғыларын құрастыру өндірісін іске қосылады. 450 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен бірге индустриялық аймақта «QazBuild Elements» ЖШС құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын салынады.
▪️Мақтаарал және Жетісай аудандарында «KazEnergyResources» ЖШС газ-поршеньді электр станцияларын салу жоспарланған. Сондай-ақ, өңірде ион алмастырғыш шайыр өндіретін зауыт ашылады. Аталған жобаны «Qazaq Engineering Solution» ЖШС іске асырады, қазіргі уақытта жер телімін бөлу жұмыстары жүргізілуде.
Штаб отырысында Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев пен Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов инвестициялық жобалардың орындалу барысы мен шетелдік инвесторлармен жүргізілген жұмыстарды баяндады.
Инвестициялық жобаларды басқаруға арналған жаңа цифрлық платформаның таныстырылымы өтті. Бұл жүйе барлық жобаларды бірыңғай базаға біріктіріп, олардың жүзеге асырылуын бақылауға және талдау үшін тиімді. Нәтижесінде процестердің ашықтығы мен тиімділігі артады.
Облыс әкімі жұмыс орындарын ашу мен тауар өндіруші көбейту үшін шаруаны ширатуды тапсырды. Өңірдің өндірістік әлеуетін күшейту стратегиялық мақсат.
