ШІРКЕЙ ДӘРІЛЕНУДЕ

Жылда шіркейден зардап шегіп келе жатқан Отырар ауданында дезинсекциялау жұмыстары басталды. Көктемде көбейетін зиянкестермен күрес шаралары ғылыми сүйемелге негізінделген. Яғни биологиялық әдіспен залалсыздандырылады.

Қазір Сырдария өзені бойы мен елді мекендер дезинсекцияланады. Биологиялық өңдеуден кейін химиялық залалсыздандыру жұмыстары да жүргізіледі.  Бұл іске 10 қайық, 18 арнайы техника және 41 маман жұмыс істеп жатыр.