ТУРНИРДЕ ТҮЙІСТІРЕДІ

Түркістанда бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақ боксының мақтанышы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы ХХІV халықаралық турнир өтіп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков турнирде қолғап түйістіретін үміткерлерге сәттілік тіледі.

Дәстүрлі дода 30 наурыз бен 4 сәуір аралығында өтеді. Жарыс барысында ерлер 10 салмақ дәрежесінде, ал қыздар 5 салмақ бойынша сынға түседі. Биыл Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Әзербайжан елдерінен және Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 252 спортшы қатысуда. Оның 209 ер, 43 қыздар.

Турнирде жеңіске жеткендер ел намысын халықаралық ареналарда қорғайтын жастар құрамасына енеді. Боксшылардың өнерін Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев бағалап, үздіктерін іріктейді.