СЫРТЫ БҮТІН, ІШІ ТҮТІН БОЛМАСЫН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде тазалық шаралары қарқын алды. Осы бағытта Түркістан облысында да сенбіліктер мен санитарлық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркістан қаласындағы орталық базарлардың жай-күйін аралап, қауіпсіздік және тазалық талаптарының орындалуын тексерді.

Тексеру барысында сауда нысандарындағы санитарлық ахуал, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, сондай-ақ сатушылар мен келушілерге жасалған жағдайлар жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, базар аумағындағы тазалық деңгейі, автотұрақтардың қолайлылығы мен жалпы инфрақұрылымның жай-күйі басты назарға алынды.

Нәтижесінде базар әкімшіліктеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтау, сауда орындарында жүйелі түрде дезинфекциялық жұмыстар жүргізу және қауіпсіздік шараларын күшейту ескертілді. Сонымен қатар сауда орындарын жалға алушы кәсіпкерлерге қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету қажеттігі ерекше атап өтілді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі әрдайым басым бағыт екенін атап өтіп, мұндай тексерулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.

 

Зұлпыхар Жолдасов: 

Түркістан – тарихи әрі туристік маңызы жоғары өңір. Сондықтан қала аумағындағы барлық нысандар белгіленген талаптарға толық сәйкес болуы тиіс. Осыған байланысты базарларда санитарлық тазалықты сақтау, қауіпсіздік шараларын күшейту және қоғамдық тәртіпті жүйелеу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Тұрғындар мен қала қонақтарына жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – басты міндет, – деді.

Жалпы, жүргізілген бақылау шаралары өңірдегі сауда орындарында қауіпсіздік деңгейін арттырып, санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған.