САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістан қаласының әкімі жаңадан салынып жатқан  Мәдениет үйінің құрылыс алаңында болды. Ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазір екінші қабатының қабырғалары қаланып жатыр.

Нұрбол Тұрашбеков техникалық қадағалаушылардың есебін тыңдап, құрылыс бөлімінің басшысына ғимараттың сапалы салынуын қадағалауды тапсырды. Ал, мердігерге нысанды талапқа сай салып, межелі мерзімінде аяқтау керектігін ескертті.

«- Мәдениет үйі халықты рухани қазынамен қамтамасыз ететін орын. Соған лайықты нысан болуы тиіс. Сапалы дүние салып, Түркістанның даму тарихында есімдеріңізді қалдыруды ойлаңыздар. Бәріміз үшін ең биік абырой — халықтың алғысы», — деді қала әкімі.

Шаһар басшысы Түркістандағы мәдени-рухани нысандардың кесене аумағы мен Жаңа қалада шоғырлануына байланысты, Тәукехан көшесінің бойынан салуды жөн көрді.

Өздеріңізге белгілі, қалада Р.Сейтіметов атындағы театр жұмыс істеп тұр. Енді Мәдениет үйі мен Жастар орталығының жаңа ғимаратымен толығады.