ЖАҢА ПЕРЗЕНТХАНА САЛАДЫ

Демографиялық өсім жоғары Түркістан облысында жаңадан перзентхана салынады. Мұндай келісім Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Қазақстанға сапары аясында екіжақты келіссөздер арқылы жүргізілді.
Түркістан облысы әкімдігі мен Абу Даби даму қоры арасында Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы перзентхана құрылысын қаржыландыру жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, құжат алмасу рәсімінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасында жел электр станциясы жобасын іске асыру жөніндегі келісімнің ратификацияланғаны жарияланды.
Бұл туралы ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
t.me/aqorda_resmi