ҰҚК ҚАШҚЫНДЫ ТАПТЫ

Астанада жыр болған ЛРТ ге қатысты нүкте қойылатын сияқты. 6 жылдан бері іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Түркиядан табылған. Бас Прокуратура бауырлас елден Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген.
Содан бастап Түркияның құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізді. Биыл ҰҚК оның нақты мекен жайын анықтап, Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында құрықтады.
9 мамырда Анталья қаласының соты Т.Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады. Ол қазіргі уақытта қамауда. Еліміздің құзырлы органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.
Еске салсақ, бұған дейін Астана қаласының соты Т.Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған еді.