ПРЕЗИДЕНТ ҰҚК-НІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.
Президентке киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.
Жиын соңында мемлекет басшысы аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.